Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің тағы бір өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның telegram арнасында ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Соңғы деректерге сәйкес, еліміздің тағы бір облысы "қызыл" аймақтан шыққан.

19 сәуірдегі мәліметтерге сүйенсек, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

Ал Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткен.

Сонымен бірге Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары "сары" аймақта тұр.

Қостанай мен Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 2719 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1773 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 38 620 адам короновирустан емделуде. Олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

674 адамның жағдайы ауыр, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 17 сәуірдегі мәлімет бойынша 35 адамға аталмыш диганоз қойылып, 1 науқас қайтыс болған. 87 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап, бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51879 адам ауырып, 751-і қайтыс болған. 50 726 адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908552-koronvirus-elimizdin-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel