Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 436

  • Алматы қаласы - 665
  • Шымкент қаласы - 114
  • Ақмола облысы - 98
  • Ақтөбе облысы - 206
  • Алматы облысы - 251
  • Атырау облысы - 110
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85
  • Жамбыл облысы - 46
  • Батыс Қазақстан облысы - 205
  • Қарағанды облысы - 220
  • Қостанай облысы - 30
  • Қызылорда облысы - 35
  • Маңғыстау облысы - 80
  • Павлодар облысы - 50
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 35
  • Түркістан облысы - 53.

Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 720-ға жетіп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай мен Түркістан облыстары ғана "жасыл" аймақта тұрғанын жазған едік.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

Ал "сары" аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірген.

Сонымен бірге, Алматының коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұрғанына қарамастан, 17 сәуірден бастап қалада кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін жазған едік.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, оған тек Ashyq қосымшасының көмегімен кіруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908509-qazaqstanda-otken-taulikte-tagy-3000-ga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel