Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық аяғы жоқ ару алғаш болып Эверест шыңын бағындырды (фото)

Жарияланған күні:

Эверест
Фото: instagram.com/mariya_auezova

Мария Әуезова есімді астаналық ару әлемде Эверест шыңын бағындырған аяғы жоқ қыздардың алғашқысы болды. Ол өз жетістігі жайлы Instagram парақшасында жазды.

Қайсар қызды тәжірибелі альпинист Вадим Цхве мен Марияның күйеуі Мұхтар Әуезов ілестіріп жүрген. Қазақстандықтар Эверестің теңіз деңгейінен 5364 метр биіктікте орналасқан негізгі лагеріне дейін жеткен.

"Еркін әрі тәуелсіз өмір сүріңіздер, өмір өз күмәныңа емес, өзіңе сену үшін берілген. Мария - мұндай жетістікке жетіп отырған аяғы жоқ қыздардың алғашқысы. Тәртіп, ауыр еңбек, өз-өзіңмен жұмыс істеу, көз жасы мен қиындықтар... Бірақ, арманға деген сенім аяқтан тік тұрғызып, өзіңе сенуге мүмкіндік береді",- деп жазды Вадим Цхве.

Ал Мария өз жазбасында көпшілігі өзіне сенбегенін айтады. Дегенмен, отандасымыз еш кедергіге қарамастан өз мақсатына қол жеткізген.

"Келесі мақсатым- аяғыма протез киіп, ол елге қайта айналып барып, сол жолды қайта жүріп өту",- деді ол.

Жұбайының айтуынша, Эвересті бағындыру экспедициясы 10 күнге жалғасқан. Орташа есеппен альпинистер күніне 300 метрге көтерілген.

"Бастапқыда үрей мен қорқыныш болды. Машаның бұл жолды жүріп өтуге күші жете ме деген уайым болды. Ал үшінші күні күдігім сейіліп, оның қолынан келетініне сендім.

Жолда әр елден келген көп адамды кездестірдік. Олар қатты таңданып, қай елден екенімізді сұрады. Біз Қазақстаннан екенімізді мақтанышпен айттық", -дейді азамат.

Мария, Мұхтар мен Вадим Эверестте Қазақстан туын желбіретіп суретке түсіп, отандастарының назарына ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908680-qazaqstandyq-ayagy-zoq-aru-algas-bolyp-everest-synyn-bagyndyrdy-foto/