Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте 2500-ден аса адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда өткен тәулікте 2530 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 401
  • Алматы қаласы - 682
  • Шымкент қаласы - 49
  • Ақмола облысы - 101
  • Ақтөбе облысы - 121
  • Алматы облысы - 285
  • Атырау облысы - 97
  • Шығыс Қазақстан облысы - 67
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 237
  • Қарағанды облысы - 217
  • Қостанай облысы - 31
  • Қызылорда облысы - 45
  • Маңғыстау облысы - 29
  • Павлодар облысы - 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 27
  • Түркістан облысы - 30.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 292 250-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова елдегі карантин шараларын жеңілдетудің жолын айтқан болатын.

Маман карантиндік шараларды сақтау және вакцина салдыру арқылы ғана пандемияны жеңуге болатынын алға тартты.

Сонымен қатар, ол "қандай екпені коронавирус вакцинасымен бірге алуға болмайды" деген сауалға жауап берген еді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина енді ғана қолданыла бастады. Сондықтан оны кешенді түрде қолдану ұсынылмайды, бұл уақытша шара. Біраз уақыттан кейін ол басқа вакциналармен біріктіріле бастайды. Әзірге мұндай ұсыныс жоқ. Қазір кене энцефалитіне қарсы маусым бар, бірақ тірі вакцинаны біріктіру мүлдем мүмкін емес. Коронавирусқа қарсы вакцинаны бөлек қолдануды ұсынамын", – дейді Эльмира Битанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908727-682-si-almatydan-koronavirus-zuqtyrgandarga-qatysty-songy-derek-zariyalandy/

pixel