Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір облыс қайтадан "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы қайтадан "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, 19 сәуірде Ақмола облысы "қызыл" аймақтан шығып "сары" аймаққа өткен еді. Алайда бүгін облыстың қайтадан "қызыл" аймаққа енгені белгілі болып отыр.

Қазір "қызыл" аймақта Ақмола облысынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

Ал Қостанай мен Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 2530 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 292 250-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, бүгін үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908754-tagy-bir-oblys-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel