RU

Шыңғыс Айтматовтың жесірі өмірден өтті

Шыңғыс Айтматовтың жары
Фото: Sputnik Қырғызстан

Қырғыздың халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Мария Айтматованың неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Жазушының әйелі ауруханада қайтыс болды.

Ұлы жазушының жесірі 78 жаста болған.

Айта кетсек, Шыңғыс Айтматовтың өзі 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада өмірден өтті.

Шыңғыс Айтматов – "Жәмила", "Алғашқы ұстаз", "Боранды бекет", "Құс жолы", "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет", "Қош бол, Гүлсары", "Ғасырдан да ұзақ күн" және тағы басқа шығармалардың авторы.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның өмірден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды режиссер Асхат Маемиров жеткізді. Оның жазуынша, танымал актриса коронавирустан көз жұмған.

"Ұлт руханиятының аспаны қара жамылды. Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады.

Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш... Ғазиза Апа, асыл апам-ай..", - деді Асхат Маемиров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908871-syngys-aitmatovtyn-zesiri-omirden-otti/