jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте арық ішінен астаналық әйелдің мәйіті табылды (видео)

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Полиция қызметінің мәліметінше, тексеру барысында марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.

"Кісі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп нақтылады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетсек бұған дейін Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.

Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған. Марқұмның туыстарының сөзінше, Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы қылмыскерді уақытында ұстамаған.

БАҚ мәліметінше, жергілікті блогер оқиға болған жерден тікелей эфирге шығып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған. Жоғалып кеткен келіншекті іздеуге ат салысқан ауыл адамдары мен марқұмның жақындары көп жиналғандықтан ол жерге арнайы жасақ шақыруға тура келіпті.

Шымкентте арық ішінен астаналық әйелдің мәйіті табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.