jitsu gif

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру: Қаулы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Жаңа әліпби
Көрнекі фото: Taylor Weidman/LightRocket via Getty Images

Мәдениет министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы президент жарлығының жобасын дайындады.

Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Талқылау мерзімі ағымдағы жылдың 6 мамырына дейін.

Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі.

Жаңа әліпби
Фото: primeminister.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында әліпбидің жаңа нұсқасы таныстырылған еді.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Сонымен қатар қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон (ˉ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары да қолданылған.

Мамандардың айтуынша, әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

"Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек", — дейді үкімет басшысы Асқар Мамин.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру: Қаулы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.