Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір өңір "жасыл" аймақтан шығып қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қостанай облысы "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

22 сәуірдегі жағдай бойынша қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бар.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облысы тұр.

Бұған дейін Қостанай облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймақта тұрған еді.

Қазір "жасыл" аймақта Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалды.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2893 адам тіркелді. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан.

Сонымен қатар өткен тәулікте 2373 адам індеттен жазылған.

Қазір Қазақстанда 39 859 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 679 адамның жағдайы ауыр, 181 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

100 науқас өкпені жасанды аппаратына қосылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөліскен еді.

Оның сөзінше, оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңға дейін жетіп, сәуір айының соңында індет шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде.

Ал реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте инфекция жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909196-tagy-bir-onir-zasyl-aimaqtan-sygyp-qaldy/

pixel