Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада фэйк ақпаратты естіп, жаппай жиналғандар жазаланатын болды

Опубликовано:

Тұрғындар
Видеодан кадр: instagram.com/dauletten

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов жуырда жұмыспен қамту орталығында болған жағдайға қатысты пікір білдірді. "Bastau Business" бағдарламасына қатысып, жарты миллион теңгенің гранттарын алуға үміттенген жүздеген адам мекемеге келген еді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда әкімі орынбасарының айтуынша, адамдардың көптеп келуіне байланысты оқиға орнына қала әкімдігінің қызметкерлері келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

"Бірақ адамдар тәртіпке бағынбады, көпшілігі ғимаратқа кезексіз кірді, санитарлық талаптарды сақтамады. Болған жағдайдың басты себебі әлеуметтік желіде "оқуға арналған грант бір күн ішінде ғана берілгені" туралы жалған ақпарат таратылған. Адамдар көптеп жиналды", – деді Бектас Нұридинов.

Енді бұл іс Қызылорда қаласы әкімінің бақылауында, шенеуніктің сөзіне қарағанда, тәртіпсіздікке қатысқандар мен оған жол бергендер жазаланады.

"Әрине, грант алуға бірден 500-ден аса адам келеді ешкім ойламады. Бірақ жағдайды қалай да бақылау қажет болды. Тәртіпсіздікке жол бергендерге, сондай-ақ "адамдарды таныстары арқылы кіргізуге рұқсат етілгендерге" қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Бейнебақылауға жазылған барлық жазбалар тексеріледі. Орталықтың мүлкіне қиратып, мемлекетке зиян келтіргендер жазасыз қалмайды", – деді қала әкімінің орынбасары.

Ол бүгінде жұмыспен қамту орталығында жағдай тұрақты екенін атап өтті.

Еске салсақ, "Bastau Business" бағдарламасы бойынша грант алғысы келетіндер мекемені басып алған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Адамдар бірін-бірі итеріп, терезелерден өтіп, айқайлап, төбелесуге шақ қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909236-qyzylordada-feik-aqparatty-estip-zappai-zinalgandar-zazalanatyn-boldy/