Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 14 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтыру саны үш есеге артқан

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар эпидемиологиялық жағдайды, халықты вакцинациялау жұмыстарын және қауіпті инфекциямен күресу шараларын талқылады деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың мәліметінше, Нұр-Сұлтандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

"Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 9,7%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 320,43 құрады. Репродуктивті саны — 1,021. Жыл басынан бері қаламызда науқастар саны 22 мыңнан асты, ал пандемия басталғаннан бері 41 214 жағдай тіркелді: 26 888 — симптоматикалық және 14 326 — асимптоматикалық. Тәулігіне 574 алғашқы жағдай тіркелді (406 симптоматикалық жағдай, 168 симптомсыз жағдай)", - деп түсіндірді елорданың санитар дәрігері.

Жас құрылымы бойынша науқастардың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі, олар КВИ-мен ауырғандардың 79,9%-ын құрайды, балалар 17,3%-ды, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды. Сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда егде жастағы адамдар арасында коронавирус жұқтыру жағдайларының 2,2%-ға өскені байқалады.

"Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайдың үш есе өскені байқалады. Қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 1106, сәуірде – 1790. Айтарлығы, инфекция жұқтыру балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл ретте сәуір айында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша балалар үлесі 0,8%-ға азайды. Бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы (5,1%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді), 11-14 жастағы (4,5%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді) мектеп оқушыларына қатысты қабылданған шектеу іс-шараларының тиімділігін көрсетеді", - деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2894 адам тіркелген. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаыран. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 300 733-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909362-elordada-14-zasqa-deiingi-balalar-arasynda-koronavirus-infekciyasynyn-sany-us-esege-artty/

pixel