Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 300 мыңнан асты

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2894 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 300 733-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 511,

Алматы қаласы - 698,

Шымкент қаласы - 131,

Ақмола облысы - 126,

Ақтөбе облысы - 226,

Алматы облысы - 195,

Атырау облысы - 133,

Шығыс Қазақстан облысы - 98,

Жамбыл облысы - 70,

Батыс Қазақстан облысы - 181,

Қарағанды облысы - 228,

Қостанай облысы - 31,

Қызылорда облысы - 71,

Маңғыстау облысы - 67,

Павлодар облысы - 48,

Солтүстік Қазақстан облысы - 41,

Түркістан облысы - 39.

Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

22 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облысы орналасқан.

Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909313-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-300-mynnan-asty/