Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы полициясының экс-қызметкері мен банктің топ-менеджері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Опубликовано:

ақша жымқыру 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті 3,9 миллиард теңгені заңдастырған қылмыстық топтың іс-әрекетін тоқтатты деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайты.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам болып отыр.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 28-б.абы 5-бөлігі, 216-бабы 3-бөлігі (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Еске салсақ, жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана халықаралық әуежайы" АҚ тергеуінің аяқталғаны туралы мәлімдеген еді. Әуежайдың бас бухгалтері ірі көлемде ақша ұрлады және миллиондап пара берген деген күдік бар.

Оған қоса, Павлодар облысында төрт жылдан астам уақыт бойы "өзара есеп айырысу" бойынша жалған есеп құжаттарын берумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Қылмыстық топ контрагенттік кәсіпорындарға салықтан жалтаруға көмектескен. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909380-qarzy-policiyasynyn-eks-qyzmetkeri-men-banktin-top-menedzeri-alayaqtyq-zasagany-usin-sottaldy/

pixel