Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған ер адам жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған жергілікті тұрғын ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 16 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің №722 автоэкипажының қызметкерлері мегаполис көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде аялдамада отырған азаматтың қолында қаруға ұқсас затты ұстап отырғанын көрінгендей болған.

Тәртіп сақшылары тексеру мақсатында аялдамада отырған азаматқа қарай барған.

Олардың күдігі расталып, ер адамның қолындаға қаруға ұқсас заты анықталып, тәркілеп алынды.

Қолға түскен ер азамат полицияға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

"Жергілікті тұрғын анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға береді.

Іс-әрекетімен қырағылық танытқан полиция қызметкерлері болса, қылмыстың жолын кесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909400-symkentte-ayaldamada-qaru-ustap-otyrgan-er-adam-zurttyn-zaresin-aldy/

pixel