Есенберлиннің туған үйін жекежай-мұражайға айналдыру туралы ұсынысты ел қолдады

Опубликовано:

Ілияс Есенберлиннің үйі
Фото: Зарина Москаудың Facebook парақшасы

Белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің Атбасарда туып-өскен үйін жекежай мұражайына (усадьба - ред.) айналдыру ұсынылды. Журналист Зарина Москаудың Facebook парақшасындағы пікірін қолдағандар қарасы көп. Оның айтуынша, үйдің қазіргі иелері орнына жақсы баспана ұсынса, оны мұражай үшін беруге дайын деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Зарина Москау Атбасардағы Ілияс Есенберлиннің қара шаңырағын жекежай мұражайына айналдыруды армандап жүргенін айтты. Оның сөзінше, үйді жазушының әкесі мен ағасы салғандығы туралы дәлелді құжаттар қаламгердің әдеби мұражайында сақтаулы.

"Үй мықты салынған, кең, қазір онда жазушының отбасына еш туыстығы жоқ адамдар тұрып жатыр. Олар үйді алдыңғы қожайындарынан сатып алған. Бес жыл бұрын барғанымда, олар басқа баспана берсе, үйді босатуға дайын екендерін білдірді", - деп жазды Зарина Москау әлеуметтік желіде.

Бұл идея журналиске шабыт берген, алайда бастама басталмай жатып, өшкенге ұқсайды. Аудан басшылығы жемқорлық бойынша кінәлі деп танылып, ой кезінде іске аспай қалған.

"Біздің елде бірде-бір ақын-жазушының мұражай иелігі жоқ. Пәтер-мұражайлар, мұражай үйлері бар, бірақ Ясная поляна, Мелихово сияқты жекежай иелігіндегі қоныс мұражайлар жоқ!

Меніңше, бұл дұрыс емес. Атбасардағы бұл үйден бөлек, ШҚО, Қатонқарағайдағы Оралхан Бөкейдің үйі тұр. Есенберлиннің үйін қазіргі қожайындарынан сатуып алуға әлі кеш емес. Атбасарда мұндай үй 2-3 миллион тұрады. Алайда үйдің жөндеу жұмысына көбірек қаржы қажет. Ал ауладағы басқа тұрмыстық ғимараттар сол қалпында сақталған", - дейді Зарина Москау.

Ілияс Есенберлиннің үйі
Фото: Зарина Москаудың Facebook парақшасы

Осы орайда журналист әдебиет сүйер, кітап сүйер қауымды бірлесіп, қаржы жинап, үйді мұражай жекежайға ауналдыруға ұсыныс тастады.

"Көшпенділер" - қаламгердің шоқтығы биік шығармасы, оны бүкіл әлем біледі. Оның талантын құрметтейтіндер жер-жерден тұрған үйін іздеп келіп, көрер еді. Бұл зияткерлік туризм, тәрбие, пиар, әрі рухани жаңғыру", - деп ой бөлісті журналист.

БАҚ өкілі үйдің тұрған қалпын сақтап қалуды көздейді. Қазір үйдің маңдайшасында Ілияс Есенберлиннің сол шаңырақта туып-өскені жазылған тақтайша ғана ілініп тұр.

Желідегі оқырмандары журналистті қолдай кетті.

" Қазақстанда осылай жадап-жүдеп тұрған, ұлы адамдар дүниеге келген, еңбек еткен нысандар аса көп те емес. Өте құнды мәлімет беріп отырсыз", " Өте дұрыс ұсыныс, қолдаймыз!" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909699-esenberlinnin-tugan-uiin-zekezai-murazaiga-ainaldyru-turaly-usynysty-el-qoldady/