Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесін ұрлады деп айыпталған: Алматыда оқ атқан тұрғынға қатысты тың ақпарат жария болды

Опубликовано:

Жасақ
Оқиға орнына фото: Sputnik / Тимур Ниталиев

Күзетшіні мылтықпен жаралап, артынша Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде атыс ұйымдастырған ер адам туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай, ол төрт жыл бұрын Ресейде адам ұрлады деп айыпталып, оның үстінен ағалары шағымданған деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, ер адамның бауырлары оны өз әкесін ұрлады деп айыптаған. Бірақ іс сотқа дейін жетпеген - белгілі бір себептермен іс жабылып қалған.

Ал ер адам тұрған тұрғын үй кешенінің тұрғыны "Астана" телеарнасына берген сұхбатында оның басында жарақаты болғанын айтқан.

"Әйелі одан шамамен 2,5 жыл бұрын кетіп қалған. Біз оның соғысқа қатысқанын, Шешенстанда болғанын білдік. Оның миы шайқалған (контузия). Бәлкім осыдан кейін оның денсаулығында кінәрат болған шығар", - дейді көршілерінің бірі.

Еске сала кетсек, 24 сәуірде "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшінің аяғынан атып, кейін пәтерінде жасырынып қалған болатын.

Бұл жайттан соң полиция күдіктіні тұтқындау операциясын ұйымдастырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарады. Ал оқ атушы азамат полицейлермен келіссөз жүргізуден бас тартып, қолындағы қарумен бірге 17-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті.

Кейін марқұм жайлы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары айтып берген болатын.

Олардың сөзінше, марқұм дивандарды қайта қалпына келтіріп, сатумен айналысқан. Ал сол күні күзетші мен марқұм арасындағы жанжал дәл осы диванға байланысты туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909811-akesin-urlady-dep-aiyptalgan-almatyda-oq-atqan-turgynga-qatysty-tyn-aqparat-zariya-boldy/

pixel