Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сымбат Құлжағарованың сіңлісі марқұм әпкесінің туған күніне жазба арнап, елді жылатты

Опубликовано:

Сымбат Кулжагарова
Фото: instagram.com/symbat_stories

Бүгін - көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап қаза тапқан астаналық Сымбат Құлжағарованың туған күні. Марқұмның сіңлісі әпкесіне арнап, желіде эмоцияға толы жазба қалдырды. Екі баланың анасы, марқұм келіншек тірі болса, бүгін 30-ға келер еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-сұлтанда былтыр күзде биіктіктен құлап көз жұмған Сымбат Құлжағарованың сіңлісі марқұм туралы естелік жазды. Бану Құлжағарованың әпкесіне арнап жазған құттықтауы көптің көзіне жас үйірді.

"Міне отызыншы туған күнің де келіп жетті, бірақ сенсіз... Мен берген сыйлықты ашып жатып, балаша қуанғаныңды көрсем деп едім, әттең... Маған болымсыз нәрсе үшін қуануды өзің үйреттің емес пе. Сен маған сыйлық туралы ойлауыма түрткі болатынсың, өйткені басқа туыстарымыздың туған күндерін есімізге өзің салып тұрушы едің. "Бүгін мына кісінің туған күні, жақында анау туысымыздың туған күні болады, құттықтайық, не сыйлаймыз?" , деп кімді қашан құттықтау керектігін ескертіп жүретінсің. Барлық сыйлықты сен даярлайтынсың, ал мен жай ғана сенің жаныңда айналаңа шуақ шашып жүретініңе тәнті болатынмын. Осындай кіп-кішкентай нәзік жүрегіңе мыңдаған адамды қалай сыйғызатыныңа таң қаламын", - деген эмоцияға толы жазба қалдырды Сымбаттың сіңлісі Бану Құлжағарова.

Банудың сөзінше, 30 жасқа дейін марқұм әпкесі бірнеше мемлекетте болып қайтқан. Ол марқұм әпкесінің ерекше қасиеттерін тізіп шықты.

"Сен 30 жасыңа дейін Америка, Англия, Шотландия, Франция, Испания, Үндістан, Корея елдерінде болыпсың. Сен миллион еркек шыдамаған нәрсеге төздің. Сенің ерекше әзілкештігің, атмосфераны толтыра алатының, өз шекараңды ешкімге бұзғызбағандығың , сондай-ақ ешкімді ренжітпестен кімді болса да, орнына қоя білуің мені тамсандыратын. Кез келген жағдайда сөз тауып, жұрттың көңілін көтеріп, қолдау көрсетіп, керек кезде түсіндіріп, тіпті ұрсып та алатынсың.

Өзім жауап таппаған сұрақтарды сенің білетініңе еш күмәнданбайтынмын. Сенің жаныңда мен уайымсыз баладаймын. Сол үшін жаратқан құдайға алғыс айтамын. Сен менің жалғызымсың, орныңды ешкім баса алмас, жаным менің. Саған жер бетіндегі ең жақсыны тілер едім. Бірақ жаның сол жақта рахат тауып жатқанына сенемін. Топырағың торқа болсын, жаным, Алла сені жұмақтың қалаған есігінен кіргізсін. Қатты қысып құшақтадым", - деп жазды ол әпкесі туралы естелігінде.

Жазбаға пікір қалдырушылар көз жасына ерік бергендерін жазды.

"Алла панасына алғай", "Сымбат жанымызда жоқ, бірақ жүрегімізде", "Жылаттың... Сымбат, туған күніңмен!", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909906-symbat-qulzagarovanyn-sinlisi-marqum-apkesin-tugan-kunimen-quttyqtap-eldi-zylatty/

pixel