Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда 58 жастағы ер адам табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Ер адам
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылының тұрғынына іздеу салынды. Ол 20 сәуір күні көлікке қосалқы бөлшек алу үшін Петропавлға кетіп, сол күйі оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 сәуір күні 58 жастағы әкесінің жоғалып кеткенін айтып, қызы полицияға арыз түсірген.

Ол 20 сәуір күні әкесінің "ЗиЛ" автокөлігіне қосалқы бөлшек алу үшін Петропавлға кеткенін және сол уақыттан бері оның қайда екені беймәлім екенін айтқан.

Жоғалған ер адамның белгілері: дене бітімі арықша келген, бойы 160-165 см, шашы қара қоңыр қысқа, шашы мен мұртына ақ түсе бастаған, көзі қоңыр түсті, оң қолындағы білегінде туа біткен дөңгелек пішінді меңі бар.

Үйінен кеткен кезде басында фуражка, үстінде ұзын қара куртка, қара шалбар болған. Мойнына кіресі бар сары түсті алқа тағып жүрген.

"Аталған факті бойынша жеке құрам мен полицияның қосалқы күштері, бейнебақылау инспекторлары хабардар етілді. Іздеуге еріктілер де атсалысуа. Із-түзсіз жоғалған адам туралы хабарлама әлеуметтік желілерде жарияланды. Криминалдық полиция қызметкерлері оның болуы мүмкін жерлерді тексеруде", - дейді өңірлік ПД КПБ бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы полиция департаментінің,​ Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910140-soltustik-qazaqstanda-58-zastagy-er-adam-tabylmai-zatyr-foto/

pixel