Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде 1 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысында 1 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдейді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облысы 31-наурыз күнінен бері "қызыл" аймақта орналасқан.

Өткен тәулікте облыста 128 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ақтөбе қаласымен бірге Алға, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау аудандарында да ауырып, инфекциялық стационарға жатқандар бар.

COVID-19 жұқтырғандардың 76,9% жазылған. Өңір бойынша әлі де 5500-ден астам адам үй карантинде.

"Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді. Бұған дейін облысішілік автобустардың жүруіне тыйым салынған еді. Енді 1-мамырдан бастап аудандар мен облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көліктер қайда жұмысын жандандырады. Ал қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың, шағын автобустардың қозғалысына әлі де тыйым салынған", - делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910346-elimizdin-bir-onirinde-1-mamyrdan-bastap-karantin-saralary-zenildeidi/

pixel