Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманы орындалған қыздың оқиғасы қазақстандықтардың жүрегін тебірентті

Опубликовано:

Фото
Фото: Хабар

Алматылық бес жасар Райхан мен оның анасының армандарын «Хабар» Агенттігі орындауға ат салысты. Гүлнар Елубаева «Хабар» телеарнасындағы «Қолда, я жолда» атты жобасының 39-40 шығарылымдарының қатысушысы. Түсірілім алаңындағы дайындық барысында ол қызын мектепке орналастыра алмай жүргенін айтқан еді.

Оған себеп, бес жасар қызы - Райхан буындары ауырып, сүйектерінің өсуі тежеліп, ахондроплазия дертіне ұшыраған екен. Ой-өрісі еш баладан кем емес. Баласының болашағына алаңдаған ана оны арнайы мектепте оқытқысы келіп, өзі сол жерде жұмыс істегісі келетінін айтты.

Фото
Фото: Хабар

Жағдайына жанашырлық танытқан бағдарлама редакторлары олардың мектеп мәселесін шешіп беріп, өзін жаңа жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті. Төбесі көкке жеткен ананың қуанышында шек жоқ.

«Қолда я жолда» жобасында редакция ұжымына мың алғыс. Мұндай мүмкіндік екінің біріне беріле бермейді. Менің армандарым орындалды. Бағдарлама барысында ешқандай ұтылған жоқпын, көп нәрсеге қол жеткіздім. Ең бастысы - қызымды жақсы мектепке орналастыра алғанымызға қуанамын. Жоба ұйымдастырушыларының маған көмектескендері – жүрегіме ерекше жылу сыйлады...», - дейді Райханның анасы Гүлнар Елубаева.
Фото Гульнара Елюбаева
Фото: Хабар

Есесіне, келесі айдан бастап Райхан Алматыдағы әлеуметтік инклюзивтік бағдарламалар орталығында оқитын болады. Онда кәдімгі оқушылармен бірге ерекше балалар да бір сыныпта сабақ алады. Онда тәрбие мен тәртіп бәріне ортақ. Ешкімді бөліп-жарып, алалау жоқ.

Ал «Хабар» Агенттігінің ұжымы болса, бүгінгі бала Райханның арманын орындау арқылы - оның болашақ өмірге де «Армандар орындалады!»,- деген ұранмен батыл қадам басатынына бек сенеді.
«Өміріңді жарқын ету – тек өз қолыңда!»,- екенін ұмытпағайсың, Райхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910378-armany-oryndalgan-qyzdyn-oqigasy-qazaqstandyqtardyn-zuregin-tebirentti/

pixel