RU

Шаңды дауыл, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Бұршақ
Көрнекі фото: pixabay.com

30 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ, солтүстікте тұман күтіледі.

Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, күндіз 15-20 дейін жетіп, екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда жел "әлемде теңдесі жоқ театрдың" қасбетін жұлып әкеткенін жазған едік. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан.

"Керуен-Сарай" туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталып, инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылдың сәуірінде өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910429-sandy-dauyl-zanbyr-bursaq-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/