RU

Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілді: Қойылатын талаптар қандай

Намаз оқу
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы мешіттердің аулаларында жұма намазын оқуға қойылатын талаптарды жариялады - 23 сәуірдегі қаулысымен Бекшин ұжымдық қызметтерді ашық аспан астында өткізуге рұқсат берген деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.

Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: "Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни объектілер аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі" деп көрсетілген.

Осыған орай, Алматы қаласы бас санитарының және ҚМДБ-ның Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойған талаптары негізінде ҚМДБ төмендегі шарттарды орындауды сұрауда.

Алматы қаласы мешіттерінің ауласында жұма намазын өтуге қойылатын талаптар:

1. Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;

2. Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;

3. Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;

4. Дәретті барынша үйден алып келу;

5. Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;

6. Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;

7. Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;

8. Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;

9. Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;

10. Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс.

11. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910431-almaty-mesitterinin-aulasynda-zuma-namazyn-oquga-ruqsat-etildi-qoiylatyn-talaptar-qandai/