Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Цой кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылы жарты миллион теңгеден асатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы министр халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Алексей Цой 2023 жылға дейін ведомство дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын еске түсірді.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерлерінің жалақысы яғни дәрігерлердікі - 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердікі - 20 пайызға өсті. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердікі - 210 мың теңгені құрайды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 76 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайтынын жазған болатынбыз. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сенсек, 2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады.

Ал атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрап отыр.

Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында екендігі анықталып отыр. Олар айына 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары) жалақы алады екен.

Ең төменгі атаулы жалақы бойынша көшті ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлері бастады. Олардың орташа айлық жалақысы 116,1 мың теңгені құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910523-coi-eki-zyldan-keiin-qazaqstannyn-darigerleri-560-myn-tenge-zalaqy-alatynyn-malimdedi/