RU

Локдаун немесе ТЖ: Қазақстанда қандай жағдайда қатаң шектеу енгізілуі мүмкін

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі халыққа есеп беру кездесуінде қандай сценарий бойынша Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілуі мүмкін деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр Алексей Цой қазіргі уақытта елде төтенше жағдай қарастырылып жатпағанын айтты, дегенмен, заңнамада оны енгізу критерийлері көрсетілген.

"Заңнамаға сәйкес, бұл ереже мемлекет басшысының жарлығымен енгізіліп, мемлекеттік комиссияда қабылданады. Негізгі критерий – ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және төсек қорының жүктемесі 70% құрайды. Осылайша, мұндай шешім денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме болған жағдайда қатаң шектеу шаралары үшін қабылданады", – деді денсаулық сақтау министрі Цой.

Оған қоса, халық алдындағы есептік кездесуде Алексей Цой әлемде азаматтардың қозғалысын шектейтін жалпыға ортақ құжат жоқтығын мәлімдеді.

Министр Алексей Цойға қазақстандық вакцинация паспорты өзге елдерде жарамды бола ма деген сұрақ қойылды.

"Мәселе талқылануда, оның ішінде шетелде де талқыға алынған. Қазіргі уақытта әлемде адам қозғалысын шектейтін нақты белгіленген құжаттар жоқ. Біз Қазақстанда өзіміздің ақпараттық жүйемізді дайындадық – әр азамат вакцинаның екі дозасынан кейін электронды вакцинация паспортын иеленеді. Негізінде халықаралық заңнама өзгертілсе, біздің жүйе халықаралық жүйемен интеграциялануға дайын. Қазіргі уақытта елдер мұндай талаптарды қойып отырған жоқ", – деп түсіндірді Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910540-lokdaun-nemese-tz-qazaqstanda-qandai-zagdaida-qatan-sekteu-engizilui-mumkin/