Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық вакцинация паспорты шетелде жарамды бола ма: Цой жауап берді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: pixabay.com

Халық алдындағы есептік кездесуде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлемде азаматтардың қозғалысын шектейтін жалпыға ортақ құжат жоқтығын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Алексей Цойға қазақстандық вакцинация паспорты өзге елдерде жарамды бола ма деген сұрақ қойылды.

"Мәселе талқылануда, оның ішінде шетелде де талқыға алынған. Қазіргі уақытта әлемде адам қозғалысын шектейтін нақты белгіленген құжаттар жоқ. Біз Қазақстанда өзіміздің ақпараттық жүйемізді дайындадық - әр азамат вакцинаның екі дозасынан кейін электронды вакцинация паспортын иеленеді. Негізінде халықаралық заңнама өзгертілсе, біздің жүйе халықаралық жүйемен интеграциялануға дайын. Қазіргі уақытта елдер мұндай талаптарды қойып отырған жоқ", - деп түсіндірді Цой.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2853 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 319 818-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылы жарты миллион теңгеден асатынын айтқан еді.

Алексей Цой 2023 жылға дейін ведомство дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын еске түсірді.

Одан бөлек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910534-qazaqstandyq-vakcinaciya-pasporty-setelde-zaramdy-bola-ma-coi-zauap-berdi/

pixel