Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 38 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі telegram арнасында өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2877 адам тіркеліп, 31 пациент індеттің құрбаны болған.

Сондай-ақ коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы 98 қазақстандыққа қойылып, тағы 7 адам қайтыс болды. Одан бөлек, 95 науқас ауруынан айыққан.

Министрлік таратқан соңғы ақпаратқа сүйенсек, бүгінде 45 510 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 14 843-і станционарда болса, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Соның ішінде 769 адамның жағдайы ауыр, 184 пациенттің жағдайы өте ауыр, тағы 125 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2877 адам тіркелген болатын. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 322 695-ке жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой америкалық вакцина елімізге 2021 жылдың екінші жартысында жеткізілуі мүмкін екенін айтқан еді.

"Біз жетекші америкалық компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір бізде вакцинаны жеткізудің нақты датасы жоқ. Негізінен, осы жылдың екінші жартысы көрсетілген. Жеткізу уақытын нақтылағаннан кейін біз ақпаратты хабарлаймыз", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910671-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-38-adam-qaitys-boldy/

pixel