jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Елімізде мамыр айында ауа райы қандай болмақ: Синоптиктер болжам жасады

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер мамыр айында еліміздегі ауа райын болжамын ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанда мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге ауысады. Мамыр айына қарай еліміздің солтүстігі мен оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы, тау маңындағы аймақтарда жауын-шашын көбейеді. Мамыр айында күн жылынған соң, қайта салқын түсуі ықтимал.

"Көпжылдық мәлімет бойынша, оңтүстік аймақтарда суық күндер мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстікте – айдың соңында аяқталады. Бірақ кей жылдары оңтүстік аймақтарда ызғарлы салқын күндер мамырдың соңында да, ал солтүстік және шығыста тіпті маусымда да болуы әбден мүмкін", - делінген болжамда.

3 мамырдан бастап еліміздің көптеген бөлігінде аздаған бұлтты күн райы, температураның жоғарылауы болжанып отыр.

Еліміздің көп бөлігінде ауаның температурасы түнде +10+15 градусқа дейін , ал күндіз - +25+30 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында термометр бағына түнде +15+20 градусты, күндіз +30+38 градусты көрсетеді.

Қазақстанның батыс бөлігінде ғана Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, ауа температурасының күндіз +20+28 градустан +13+18 градусқа дейін құбылуы ықтимал. Бірінші онкүндіктің ортасында республиканың кей аумақтарында найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.

Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның көп бөлігіне батыс антициклоны әсер етіп, температураның 5-10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Солтүстікте түнде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

"Болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде де салқын күндер келеді. Еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы 5 градус суықты көрсетуі мүмкін, күндіз 10-15 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде +3+10 градус, күндіз +12+20 градус жылы болады. Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн жылынып, солтүстік аймақтарда нағыз жазғы ыстық күн райы келеді, күндіз күн +25+33 градусқа дейін, ал оңтүстікте - +30+38 градусқа дейін ысиды", - дейді синоптиктер.

Мамандар бір айға арналған ауа райы болжамын консультавтік болжам ретінде қабылдап, оның кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін екенін атап өтті.

Елімізде мамыр айында ауа райы қандай болмақ: Синоптиктер болжам жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.