RU

Қазақстанда бензин тағы да қымбаттады

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда соңғы бірнеше күнде жанармай бағасы орташа алғанда тағы 5-10 теңгеге қымбаттады.

Танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, Нұр-Сұлтанда АИ-92 литрі 168-173 теңге аралығында, АИ-95 188 теңгеден 197 теңгеге дейін сатылуда. Ал АИ-98 186-220 теңге аралығында сатылып жатыр.

Алматыда АИ-92 165-171 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 187-200 теңге аралығында, ал АИ-98 191-230 теңге аралығында сатылуда.

Шымкенте АИ-92 166-175 теңгеден, АИ-95 186-199 теңгеден, АИ-98 189-205 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал еліміздің басқа қалаларында АИ-92 литрі 175 теңгеден асады. АИ-92 185-200 теңге аралығында, АИ-98 175-205 теңге аралығында сатылуда.

Еске сала кетсек, елімізде бензин бағасы күрт өскен болатын. Ең көп сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі 200 теңгеге бір-ақ көтерілген еді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл процесс баға мәселелерінің өзгеруімен байланысты.

Сонымен бірге, еліміздің Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығында ЖҚС-та бензиндердің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалатынын растаған болатын. Алайда, ведомство мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес, нарық реттейтінін атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, бензин бағасының күрт өсуне екі фактор әсер еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910703-qazaqstanda-benzin-tagy-da-qymbattady/