jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды (фото)

дүкен11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының Шалғай Қарасу, "Аса" шағын аудандарында әлеуметтік дүкен ашылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта әлеуметтік дүкендердің санын арттыру қолға алынғаны белгілі. Негізгі міндет - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қол жетімді ету.

Тараз дүкен
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгін осы мақсатта Тараз қаласының Шалғай Қарасу, "Аса" шағын аудандарында әлеуметтік дүкен ашылды.

Мұндағы сөрелерге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады.

Бүгінгі күні облыс орталығында 14 дүңгіршек жұмыс істеп тұр. Оның 8-і заманауи үлгіде. Тағы 7 әлеуметтік дүкен жаңадан салынады.

Тараз дүкен
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Одан бөлек, алдағы уақытта Тараз қаласының аумағындағы Шөлдала алқабында, сондай-ақ Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарында дүңгіршектер орналастыру жоспарлануда.

Жалпы жыл соңына дейін тараз қаласының өзінде 15 заманауи үлгідегі әлеуметтік дүкен тұрғындардың игілігіне берілуі тиіс.

Дүкен84
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Дүкен Тараз
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

дүкен Тараз11
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.