Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда әткеншектің істен шығуы: Зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

қоңжық11
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда қалалық саябақтағы әткеншектен құлаған балалардың жағдайы белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қалалық мәдениет және демалыс саябағында кеше болған оқиға салдарынан 8 бала зардап шеккен.

"Балалар көптеген дене жарақатын алған. Жедел жәрдем оларды облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарағаннан кейін балалардың миы шайқалмағаны және сынық жарақаттарын алмағаны анықталды. Медициналық көмек көрсетілгеннен соң бәрі де амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Кейін белгілі болғандай, аттракционның істен шығуына байланысты қатты жылдамдықпен айналып тұрған әткеншек кілт тоқтап қалып, балалар содан жарақат алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақат алғанын хабарлаған едік.

Сол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар денесінің көгеруі, жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы сынды жарақаттар алғанын, бір баланың жіліңшегі сынғанын хабарлаған болатын.

Бұл жайттан кейін аттракционның жұмысы тоқтатылып, полиция қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910823-oralda-atkensektin-isten-syguy-zardap-sekken-balalardyn-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel