Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қандай жеңілдік жасалады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырған азаматтар үшін қандай шектеулер алынатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал мен азаматтарды вакцинациялау барысы туралы ақпарат берді.

"Бүгінде Қазақстанда "Спутник V", QazVaq, Hayat-Vaх вакциналары қолжетімді. 1,5 миллион азаматқа немесе вакцина алуы тиіс тұрғындардың 15 пайызына екпе салынды", - дейді министр.

Осы ретте ол коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қазақстандықтар үшін бірнеше шектеулер алынатынын атап өтті.

Цойдың сөзінше, еңбек демалысынан, іс-сапардан оралған немесе науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған вахталық қызметкерлерден, медициналық қызметкерлерден вакцинацияның толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде ПТР-тест талап етілмейді.

Кейбір бизнес субъектілеріне де жеңілдік жасалады.

"Сыйымдылығы 50 пайыздан аспаған жағдайда "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдарға 9:00-ден 20:00-ге дейін, "сары" аймақтағыларға 7:00-ден 24:00-ге дейін, "жасыл" аймақтағыларға 7:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Стрид-фудтар мен ашық аспан астындағы аттракциондарға шектеу қойылған жоқ", - дейді Алексей Цой.

Осы ретте министр қазір коронавирус бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстары тұрғанын атап өтті.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары тұр.

Ал Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910885-koronavirusqa-qarsy-ekpe-salgandarga-qandai-zenildik-zasalady/

pixel