Түркістан облысында бірнеше адамнан 2 млн теңгеден астам ақша алған алаяқ келіншек ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Отырар ауданында алаяқтық жолмен бірнеше тұрғыннан 2 миллион теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті жәбірленушіге банктердің бірінен ірі көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп, 720 мың теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп кеткен.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталған. Ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
"Тергеу барысында жас келіншектің алаяқтықтың 5 қылмысына қатыстылығы анықталған. Осылайша жәбірленушілердің әрқайсысынан 225-720 мың теңге аралығында алаяқтық жолмен ақша алып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", - дейді ведомство.
Еске сала кетсек, бұған дейін оралдық ерлі-зайыпты Ғұсмановтар банк қызметкеріне алданып, тақырға отырғанын жазған едік. Олардың айтуынша, менеджер несиені арзан пайызбен рәсімдеуге уәде еткен. Бірақ сөзінде тұрмай, несиені жоғары пайызбен беріп, қарызға батырыпты.
Сонымен бірге, өз әжесінен бір миллион теңге ұрлаған оралдық азамат ұятқа қалған болатын.
1992 жылғы тұрғын өз әжесін коммуналдық және басқа төлемдерді төлеу үшін телефонына банктің мобильдік қосымшасын орнатуға көндірген.
Содан кейін зейнеткердің банктік шотына кіруге мүмкіндік алып, ақшаны өзінің есепшотына аударып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911068-turkistan-oblysynda-birnese-adamnan-2-mln-tengeden-astam-aqsa-algan-alayaq-kelinsek-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.