Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ер адам иттің көзін шығарып, күшіктерінің басын кесіп тастаған (фото, видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/animal__security

Жамбыл облысының тұрғыны асқан қатыгездікпен иттің көзін шығарып, оның жаңа туған күшіктерінің басын кесіп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшіліктің үрейін алған оқиға Тараз қаласында орын алған.

Жергілікті тұрғынның қатыгездігіне тап болған иттің фотосы мен видеосы animal_security Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Онда жануарларды қорғау ұйымдары бірлестігінің еріктілері ер адамның адам шошырлық әрекеті туралы ақпарат берген.

"Қатыгез тұрғын күшіктердің басын кесіп, олардың енесінің көзін шығарып тастаған! Ит енді ғана күшіктеген болатын, күшіктердің басын кесіп, иттің көзін шұқып, шығарып жіберу деген...

Виктор есімді 23 жастағы тұрғынның тағы қандай аяусыз әрекет жасайтынын кім білсін. Милиция шақырған едік, келді де, алып кетті", - деді еріктілер.   

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде көзі жарақаттанған иттің видеосы тарады. Кадрлар Шымкентте түсірілген болып шықты.

Шымкент полиция департаменті баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

"2021 жылдың 15 ақпанында Абай ауданы полиция басқармасы қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 316- бабы 1- бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады",- деді полиция департаментінде.Қазір жараланған ит қалалық ветеринарлық клиникалардың бірінде.

"Қазір ит иесінің тұлғасы мен куәгерлерді анықтауға бағытталған шаралар ұйымдастырылып жатыр",- деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында былтыр қыркүйекте хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған еді. Алайда иттерге қорлық көрсеткендерді полиция әлі таппай жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911099-zambyl-oblysynda-er-adam-ittin-kozin-sygaryp-kusikterinin-basyn-kesip-tastagan-foto-video/

pixel