Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 мамырдан бастап астаналықтар Sinopharm өндірген Hayat-Vax вакцинасын салдыра алады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн-брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов 6 мамырдан бастап астаналықтардың қытайлық Sinopharm вакцинасын салдыра алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Басқарма қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді. Бүгін біз оны ұйымдарымызға таратамыз. Ал ертеңнен бастап онымен егу жұмыстарына кірісеміз", - дейді Тимур Мұратов.

Ол астаналықтардың QazVak, Спутник V немесе Sinopharm вакциналарының бірін таңдай алатынын да атап өтті.

Айта кетсек, Sinopharm өндірген Hayat-Vax вакцинасын қытайлық деп те, араб екпесі деп те атайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған азаматтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтқан еді.

Цойдың сөзінше, еңбек демалысынан, іс-сапардан оралған немесе науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған вахталық қызметкерлерден, медициналық қызметкерлерден вакцинацияның толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде ПТР-тест талап етілмейді.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 2298 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысында тіркелген.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 332 369-ға жетіп отыр.

Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 39 қазақстандық көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911182-6-mamyrdan-bastap-astanalyqtar-sinopharm-ondirgen-hayat-vax-vakcinasyn-saldyra-alady/

pixel