Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мәжбүрлі түрде вакцина салынып жатқаны рас па

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Отандық мессенджерлердің бірінде балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге COVID-19-ға қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салынып жатқаны жайлы хабарлама тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп жазады Stopfake.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды – балалар үйіндегі балаларға да, отбасында тәрбиеленетіндерге де. Бұл фейк", – дейді ведомстводан.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник-V", QazVac және Hayat-Vax вакцинасын салуға рұқсат етілген. Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға ерікті түрде салынады.

Бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы толыққанды мәлімет болмағандықтан оларға екпе жасалмайды.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, елімізде вакцинаны мәжбүрлі түрде салу заңсыз болып табылады.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған азаматтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтқан еді.

Министрдің сөзінше, еңбек демалысынан, іс-сапардан оралған немесе науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған вахталық қызметкерлерден, медициналық қызметкерлерден вакцинацияның толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде ПТР-тест талап етілмейді.

Кейбір бизнес субъектілеріне де жеңілдік жасалады. Мәселен "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазға алаңдар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911194-balalar-uiinin-tarbielenusilerine-mazburli-turde-vakcina-salynyp-zatqany-qansalyqty-ras/

pixel