Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 398
  • Алматы қаласы - 651
  • Шымкент қаласы - 70
  • Ақмола облысы - 101
  • Ақтөбе облысы - 86
  • Алматы облысы - 200
  • Атырау облысы - 83
  • Шығыс Қазақстан облысы - 84
  • Жамбыл облысы - 69
  • Батыс Қазақстан облысы - 151
  • Қарағанды облысы - 245
  • Қостанай облысы - 25
  • Қызылорда облысы - 32
  • Маңғыстау облысы - 60
  • Павлодар облысы - 123
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 29
  • Түркістан облысы - 36

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 334 812-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 3816 адам індеттен жазылса, 34 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, қазір елімізде 43 253 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

780 науқастың жағдайы ауыр, 195 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 121 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

Ал Маңғыстау облысы "жасыл" аймақтан "сарый аймаққа кірді. Одан бөлек, жалпы Қазақстан "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты.

Қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы, "сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау өңірі, ал "жасыл" аймақта Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911276-qazaqstanda-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel