Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстан "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында өткен тәулікте бірқатар өзгерістер болды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Соңғы мәліметке сәйкес, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

Ал Маңғыстау облысы "жасыл" аймақтан "сарый аймаққа кірген.

Одан бөлек, жалпы Қазақстан "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысқан.

Қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары, ал "жасыл" аймақта Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 2443 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын. Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген.

Айта кетейік, қазір елімізде 43 253 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

780 науқастың жағдайы ауыр, 195 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 121 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте індеттен 34 адам қайтыс болып, 3816 науқас жазылған. Жалпы ел бойынша коронавирустан жазылғандар саны 288 187-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911348-koronavirus-qazaqstan-sary-aimaqqa-otti/

pixel