Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кетті

Опубликовано:

жаяу жүргіншілер өткелі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға орында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрда екі жедел жәрдем көлігі мен көлік кептелісі және көмекке ұмтылған адамдардың абыр-сабыр болып жатқаны көрінеді.

Видео авторы шетелдік көлік айналма жолдың маңында бірнеше қызды қағып кеткенін айтады.

Жергілікті полиция бұл деректі растаған және жол апаты Талдықорған медициналық колледжінің жанында болғанын хабарлаған. Жол апатына 31 жастағы Daimler Benz жүргізушісі себеп болған.

"Оқиға салдарынан үш қыз зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші әкімшілік заңға сәйкес жауапқа тартылды", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бір қыздың миы шайқалған, ал екі қыз амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

"Бір қыз бас-ми жарақатын алып, мойын сүйегінің сынуына байланысты травматология бөліміне жатқызылды", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қыз жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, Audi A6 көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мас күйде жолдың ортасында тұрған 15 жастағы қызды қағып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911278-taldyqorganda-zayau-zurginsiler-otkelinen-otip-bara-zatqan-us-qyzdy-kolik-qagyp-ketti/

pixel