Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғынының вакцинадан кейін қайтыс болғаны рас па: Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде "Алматы қаласының тұрғыны вакцинадан соң көз жұмды" деген ақпарат тарап жатыр. Бұған қатысты мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ведомствоның мәліметінше, вакцинадан қайтыс болды делінген азамат биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген.

Екпе хаттамаға сәйкес өткен. Екпеден кейін 1979 жылы туған ер адам 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған.

"Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттанарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Бақытжан Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Алдын ала болжамға сәйкес, ол жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен көз жұмған.

Қазір өлімнің нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911340-almaty-turgynynyn-vakcinadan-keiin-qaitys-bolgany-ras-pa-qogamdyq-densaulyq-saqtau-basqarmasy-pikir-bildirdi/

pixel