jitsu gif

"Үлкен міндет": Бокстан әлем чемпионы аудан әкімінің орынбасары атанды

Мерей Ақшалов
Мерей Ақшалов: prosports.kz

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке кірісті. Бұрынғы спортшы Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты Мерейдің өзі де растап отыр. Ол бүгінге дейін Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарған.

"Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кірісіп жатырмын. Негізінен әлеуметтік салаға жауап беремін. Бұл үлкен міндет, алда атқаратын жұмыс көп. Қазір барлық мәселелермен танысып жатырмын. Мұнда спортшы екенімді көпшілік біле бермейді. Танитын адамдар да жоқ емес. Менің басты міндетім – елге қызмет ету. Бұл үлкен міндет", - дейді Ақшалов.

Айта кетелік, Мерей Ақшалов 2013 Алматыда өткен әлем чемпионатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол финалда кубалық боксшы Ясниел Толедодан басым түскен.

Сондай-ақ, сол жылы Иорданияның Амман қаласында өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы. атанды. Қазақстан командасы сапында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан. 60 келі салмақта сынға түскен Ақшалов бірінші кезеңде венгриялық боксшыны жеңсе, екінші айналымда қытайлық боксшыдан ұтылып қалды.

Мерей Ақшаловтың әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Astana Arlans сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалисі, кадеттер арасындағы Азия чемпионы деген атақтары бар.

Мерейдің інісі Мейірім Нұрсұлтанов та кәсіби бокста бақ сынап жүр.

"Үлкен міндет": Бокстан әлем чемпионы аудан әкімінің орынбасары атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.