jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте басына кәстрөл киіп алған бір жарым жастағы бүлдіршін елді дүрліктірді

Кәстрөл киген балақай
Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкенттік құтқарушылар 1,5 жасар қыздың басынан кәстрөлді алып шықты. Құтқару операциясына 15 минут уақыт кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ата-анасының айтуынша, бүлдіршін екі күн бойы ыдыспен ойнаған екен. Ересектер ойынның мұндай оқыс оқиғамен аяқталарын тіпті ойламаған. Ойын баласы кәстрөлді басына киіп, қызық көрген екен. Кейін темір ыдысты басынан шығара алмай жылаған. Үйдегі ересектер де кәстрөлді өздігінен алып шықпақ болып, алайда нәтиже бермепті.

Бүлдіршіннің ата-анасы дереу құтқарушыларға хабарласқан. Оқиға орнына жетіп келген құтқарушылар ыдысты алып шығуға ырысқанымен, алғашында қыз баланың тоқтаусыз жылауы мамандар жұмысына кедергісін келтіріпті.

Көп ұзамай жылаудан шаршаған бүлдіршін ұйқыға кетіп, сол сәтте құтқарушылар өсімдік майының көмегімен ыдысты алып шыққан. Бастысы, бүлдіршінің денсаулығына зиян келмеген. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсы.

Шымкентте басына кәстрөл киіп алған бір жарым жастағы бүлдіршін елді дүрліктірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.