jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Нұр-Сұлтан әуежайындағы кезек
Фото: Instagram / denski_blog

Әлеуметтік желілерде Ashyq қосымшасын енгізгеннен кейін Нұр-Сұлтан әуежайында пайда болған ұзын-сонар кезектің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты елорда әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

10 мамырдан бастап елорда әуежайында Ashyq қосымшасы арқылы кіргізу іске қосылатыны туралы өткен аптада айтылған болатын. 10 мамырдан бастап қосымшаның пилоттық режимде қолданылатындығы, ал 12 мамырдан бастап жобаның толыққанды іске қосылуы жоспарланып отырғандығы атап өтілген еді.

11 мамыр күні Instagram-дағы парақшалардың бірінде әуежайда түсірілген суреттер пайда болды. Кадрлардан әуе портына кіреберісте ұзын-сонар кезек пайда болғанын көруге болады.

"Жолаушылар Ashyq қосымшасын қолдану керек болғандықтан, елорда әуежайына кіреберісте қаншама адам кезек күтіп қалды! Адамдар үлгере алмай жатыр. Осының бәрі ғимараттың кіреберісіне металл іздеушілер қойылған кезді еске түсірді, ол кезде де кезек пайда болған. Бірақ қазір жағдай өзгеше, карантин, ұмытпаңыз! Қашықтық туралы қандай сөз болуы мүмкін?", – деп жазды автор.

Әуежайдың баспасөз қызметі қосымшада "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдарды ғимаратқа кіргізбейтіндігін еске салды.

Сондықтан жолаушылардан қосымшаны алдын ала жүктеп, мәртебесін тексеру сұралды.

"Бұл жайт таңғы рейстер кезінде болған. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін жолаушыларға қосымшаны телефонға алдын ала жүктеп, ондағы мәртебесін алдын ала тексеріп алуға кеңес береміз", – деп түсіндірді елорда әуежайының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, рейске жіберілмеген жағдайда ақшаны қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына бағытталуы керек екендігі атап өтілді.

Нұр-Сұлтан әуежайының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.