RU

Нұр-Сұлтан жолдарында жасыл түсті жолақтар пайда болады

Елорда
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл түске боялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің назарын дер кезінде аудару үшін автобус қозғалысына бөлінген жолақтарды жасыл түске бояу туралы шешім қабылдаған.

"Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастырудың аталған сызбасын пайдалануға болатын көшелер анықталып жатыр", - деді департаменттен.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тағы бір 6 жолақты көше пайда болатынын жазған едік. Бұл туралы қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру, жол жөндеу жұмыстарының барысы жайлы айтып берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз Instagram парақшасында жазған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда жағалау маңында жаңа демалыс орны пайда болатынын жазған болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, тағы бір көпір асты алаңы абаттандырылатын болады. Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындары және т.б. ашу жоспарланып отыр.

Жаңа қоғамдық кеңістікті ашудың негізгі идеясы — спортпен айналысу үшін қолайлы атмосфера құру. Басымдық — бұқаралық спортты дамыту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912000-nur-sultan-zoldarynda-zasyl-tusti-zolaqtar-paida-bolady/