Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажал құшарын білгендей": Қазанда оққа ұшқан мұғалімнің соңғы жазбалары көпті жылатты

Опубликовано:

Эльвира
Фото: Instagram / ignatevaelle

11 мамыр күні Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан жеті оқушыдан бөлек, 25 жастағы мектеп мұғалімі көз жұмған болатын. Ұстаздың желі парақшасындағы соңғы жазбалары көпшіліктің назарына ілігіп, жұрттың көңілін босатуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қанды оқиғадан көз жұмған 25 жастағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьева екі айдан кейін 26 жасқа толуы тиіс еді.

Алайда мектепте күтпеген жерден оқ жаудырған жас жігіттің құрбанына айналып отыр. Куәгерлер оның қайтыс болар алдында оқушыны қаскөйдің оғынан көлегейлеп, құтқарып қалғанын айтуда.

Эльвираның желі парақшасында бүгінде көңіл айтып, пікір қалдырып жатқандардың қарасы көп. Олар ұстаздың болашақ туралы ой тебіренткен соңғы жазбаларынан "өмірінің қысқа боларын сезгендей" әсер қалатынын байқаған.

"Тап бір ажал құшатынын білгендей", "Өз өмірін ерекше бағалайтын жандардың өмірден өтіп жатқаны көңілді босатады. Сондай жылы жазбалар, сондай әдемі бойжеткен, бірақ тағдыры қайғылы", "Жылап отырмын, осындай сәттерде жұмақтың расымен барына сенгің келеді", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Мұғалімнің өзі болса, парақшасындағы соңғы жазбаларында өмірдің құндылықтары туралы сыр шерткен.

"Болашақты жайына қалдырыңыз, оны ойша жоспарлап құрмаңыз. Қазіргі уақытқа қамқорлық жасаңыз, оған сүйіспеншілік танытып, қорқынышқа бой алдырмаңыз. Содан кейін әрбір тірі сәтіңіз бақыт пен үйлесімділікке толы болады", - деп жазып кеткен парақшасында Эльвира.

"Өміріңізді бақытты ету айтарлықтай қиын емес. Сізге тек бақыт болашақта, әйтеуір бір жерде күтіп тұрады деп ойлауды доғару керек және қазіргі сәттің әр минутынан ләззат алуды үйрену қажет", - деп жазған тағы бір жазбасында жас ұстаз.

Эльвираның атыс болған мектепте 4 жыл бойы сабақ беріп келгені анықталып отыр. Ол 2018 жылы "Жыл мұғалімі" байқауында екінші орын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912077-azal-qusaryn-bilgendei-qazanda-oqqa-usqan-mugalimnin-songy-zazbalary-kopti-zylatty-foto/

pixel