Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан мектебіндегі атыс: Оқ жаудырған жігіт туралы көршілері айтып берді

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнына фото: rbc.ru

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте болған атыстың куәгерлері қайғылы оқиғаның қалай өрбігенін еске алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазан тұрғындары 11 мамыр күні жергілікті мектепте болған қайғылы оқиға жайлы айтты.

"Жарылыс болды. Терезеден қарадым, бәрі жүгіріп жүр, не болып жатқанын көрейін деп сыртқа шықтым. Мектепке жақындап келдім, балаларды алып шығып жатыр екен, бәрі қан-жоса. Содан кейін үйіме келдім, ол жаққа да кіргізбей қойды", - деп еске алды қайғылы оқиғаны жергілікті тұрғындардың бірі.

Оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің көршісі оны сырт көзге "жақсы, зиялы жігіт" болып көрінгенін, оны мұндай әрекетке барады деп ойламағанын айтты.

Ильназ Галявиев қолданған қарудың ресми түрде тіркелгені белгілі болды.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Оларға оқ атқан осы мектептің он тоғыз жасар түлегі. Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Сондай-ақ Путин атыс кезінде қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Айта кетсек, атыс кезінде оқу ғимаратында болған екі оқушы іште не болғанын айтып берген еді.

Гимназияда оқитын Сабина есімді 15 жасар оқушы қыздың сөзінше, сабақ ортасында мұғалім сыныпқа кіріп, кабинетті жауып қойған.

"Ол мектепке қарулы адамның келгенін түсіндірді. Содан кейін директор келіп, кабинетті жауып, тыныш отыруымыз керек екенін айтты. Біз есікті жауып, сыныптың бұрышына отырдық. Балалар қатты қорықты", - дейді Сабина.

Қыздың сөзінше, 13-15 мәрте атылған оқтың даусы естілген. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлер балаларды сыныптан шығара бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912143-qazan-mektebindegi-atys-oq-zaudyrgan-zigit-turaly-korsileri-aityp-berdi/

pixel