Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрышта отырдық": Қазандағы атыс кезінде мектепте болған оқушылар мән-жайды айтты (фото, видео)

Опубликовано:

Қазандағы атыс
Оқиға орны. Фото: Telegram / rian_ru

Қазан мектебіндегі атыс кезінде оқу ғимаратында болған екі оқушы іште не болғанын айтып берді деп хабарлайды Mash Telegram арнасы.

Гимназияда оқитын Сабина есімді 15 жасар оқушы қыздың сөзінше, сабақ ортасында мұғалім сыныпқа кіріп, кабинетті жауып қойған.

"Ол мектепке қарулы адамның келгенін түсіндірді. Содан кейін директор келіп, кабинетті жауып, тыныш отыруымыз керек екенін айтты. Біз есікті жауып, сыныптың бұрышына отырдық. Балалар қатты қорықты", - дейді Сабина.

Қыздың сөзінше, 13-15 мәрте атылған оқтың даусы естілген. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлер балаларды сыныптан шығара бастаған.

Қазандағы атыс
Оқиға орны. Фото: Telegram / rian_ru

Сондай-ақ, сегізінші сынып оқушыларының бірі Медиазона Telegram арнасына болған жайт туралы ақпар берген.

"Мен бір адамды шығарып жатқанын байқап қалдым. 8 А сыныбында жеті адамды атқан болуы керек. Біз шамамен 10-15 минуттан кейін шықтық. Терезеден емес. Мұғалім бірден терезені жауып, болмайды деді. Содан кейін бізге тәртіп сақшылары келіп, есікті қаға бастады. Олар "Ашыңдар, бұл біз" деді. Содан кейін есікті аштық", - дейді оқушы.

Қазандағы атыс
Оқиға орны. Фото: Telegram / rian_ru

Еске сала кетсек, бүгін Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Сондай-ақ Путин атыс кезінде қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Қазандағы атыс
Оқиға орны. Фото: Telegram / rian_ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911908-burysta-otyrdyq-qazandagy-atys-kezinde-mektepte-bolgan-oqusylar-man-zaidy-aitty-foto-video/

pixel