jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда анасынан қашып кеткен жетінші сынып оқушысы ауруханаға түсіп қалды

Жасөспірім
Көрнекі фото: zik.ua

Үйінен қашып кеткен павлодарлық жасөспірім Нұр-Сұлтанда ауруханадан табылды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жетінші сынып оқушысының анасы ұлының үйден жиі кетуіне байланысты полицияға хабарласқан. Бұл жолы тәртіп сақшылары жасөспірімді Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан тауып алды.

Өз бетімен еліміздің астанасына кетіп, қаланы аралап жүрген бала аяғын жарақаттап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Қазіргі уақытта баланың елордаға қалай барғаны және үйден кетуінің себебі анықталып жатыр.

Сонымен қатар, Павлодар өңірінде 15 жастағы қыздың да әкесі полициядан көмек сұраған.

Ер адамның сөзінше, олар әйелімен ажырасқан. Қыздың анасы Шарбақты ауданында тұрады.

Қызы анасына баратындығын айтқан, алайда әкесі кешкісін қоңырау шалып, ала алмаған.

Шын мәнінде оның досымен бірге қалада серуендеп жүргенін анықталды. 

15 жастағы жасөспірім қыдырып болғаннан кейін келесі күні сағат 10-да үйіне өзі оралған.

Олардан бөлек, 14 жастағы қыздың анасы да полициядан көмек сұрап жүгінген.

Ата-анасымен жанжалдан кейін қызы үйден кетіп қалып, ұялы телефонын қалдырып кеткен.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімнің Павлодар облысындағы ауылдардың біріне досына кетіп қалғаны анықталды.

"Егер бала үйден кетіп қалса немесе қашамын деп қорқытса, тез арада бұл жағдайға назар аударыңыз. Онымен сенімді қарым-қатынаста болуға тырысыңыз", - деді ювеналды полицияның арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Павлодарда анасынан қашып кеткен жетінші сынып оқушысы ауруханаға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.