Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 32 жастағы мұғалім жоғалып кетті

Опубликовано:

Бақтияр Теміржанов
Бақтияр Теміржанов. Фото: Ақмола облысы ПД

Көкшетауда 32 жастағы мұғалім жоғалып кетті. Қазір оны туыстары мен полицейлері іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда, сағат 17.17-де Көкшетау полиция бөлімінің кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол 4 сәуірде 32 жасқа толған ұлы Бақтияр Теміржановты іздеуге көмек сұрады.

Әкесінің айтуынша, 7 мамырда таңертең жас жігіт үйінен шығып, Көкшетауға кеткен, жақындары содан бері онымен байланысқа шыға алмай отыр.

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен жігіттің дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол жеке шаруаларымен Көкшетауға келіп, туысына барған, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ер адамның белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, көздері қоңыр. Ерекше белгілері: астыңғы ернінің төменгі оң жағында меңі бар.

Үстіне сұр түсті джинсы, қою көк түсті күрте, аяғына бауы бар қоңыр туфли киген.

Ер адамды табу үшін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Бүкіл камера қаралды, бірақ әзірге оны табу мүмкін болмай жатыр.

Полицейлер Бақтияр Теміржановты көрген-білген адамдардан "102" арнайы желісіне хабарласуды сұрады.

Еске салсақ, Ақтау қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері адасып кеткен 7 жасар баланы тапқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912189-koksetauda-32-zastagy-mugalim-zogalyp-ketti/

pixel