Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен қазақстандық ер адам Ресейден табылды

Опубликовано:

жоғалған адам табылды
Фото: Қостанай облысы ПД

Өткен жылдың ақпан айынан бері іздеуде жүрген Қостанай облысының 46 жастағы тұрғыны Ресейдің Набережные Челны қаласынан табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2020 жылдың ақпан айында Қарабалық ауданы полиция бөліміне Святославка ауылының тұрғыны Галина Цилинкодан арыз түскен.

Ол ұлының Челябинск облысына ақша табу үшін кеткенін, алайда бірнеше уақыттан кейін байланысқа шықпай қойғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары іс қозғап, ер адамға халықаралық іздеу салу бойынша хабарландыру жұмыстарын жүргізген.

2021 жылдың 11 мамырында полиция бөліміне жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамның Набережные Челны қаласынан аман-есен табылғаны туралы ақпарат түскен.

Ер адамның өзімен бірге ешқандай құжаты болмапты. Ресейлік әріптестермен келіссөздер жүргізілгеннен кейін Александра Цилинконың еліне оралуы үшін куәлік беру туралы шешім қабылданған.

Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өз кезегінде ер адамның анасы ұлын іздеуге атсалысқан тәртіп сақшыларына ерекше алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік полицейлер 2 мамыр күні үйінен ойнауға шығып, жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы тауып, ата-анасына табыстағанын жазған едік.

3 жасар бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері қатысқан. Олар аулаларды тескеріп, тұрғындардан сұрастырған. Іздеу жұмыстарына сондай-ақ, кинология қызметінің иттері де жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912315-bir-zyldan-astam-uaqyt-buryn-zogalyp-ketken-qazaqstandyq-er-adam-reseiden-tabyldy/

pixel