Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жоғалған үш жасар қыз бала дін аман табылды (фото)

Опубликовано:

Шымкенттің үш жасар қыз әкесімен
Фото: Шымкент қаласы полиция департаменті

Шымкенттік полицейлер 2 мамыр күні үйінен ойнауға шығып, жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы тауып, ата-анасына табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 2 мамыр күні әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын қызының табылмай жатқанын айтып, арызданған.

Анасының айтуынша, түскі сағат 13.00 шамасында үш жасар қызы ойнауға шығып, жоғалып кеткен.

"Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қаладағы барлық ауданның полиция басқармаларына қыз баланы табу жөнінде тапсырма берді. Іздеу шараларына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды", - дейді ведомстводан.

3 жасар бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері қатысқан. Олар аулаларды тескеріп, тұрғындардан сұрастырған. Іздеу жұмыстарына сондай-ақ, кинология қызметінің иттері де жұмылдырылған.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде сағат 22:10-да патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кішкентай қызды "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден тауып, ата-анасына табыстады. Өз кезегінде қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғыс айтты", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, үш жасар Мариям Елтайдың ата-анасы Шымкенттің Жоғарғы Отырар шағынауданында тұрады. Осыған дейін әлеуметтік желіде кішкентай қызды тапқан адамға сүйіншісіне 10 миллион теңге беретіні туралы ақпарат та тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910790-symkentte-zogalgan-us-zasar-qyz-din-aman-tabyldy-foto-video/

pixel